04
январь
2023
7 "В" сынып оқушылары «Медеу» мұз айдынына барды.
Қысқы демалысты тиімді пайдалану мақсатында №178 мамандандырылған лицейдің 7 «В» сынып оқушылары сынып жетекшісі Т.Оразалиевамен бірге әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдынына барды. Күнге шағылыса жалтылдаған қарлы шыңдар, аспанмен таласқан шыршалар, таудың салқын таза ауасы оқушыларды өзіне еліктірді. Медеу шатқалының таза ауасымен тыныстап, әрі салауатты өмір салтын ұстанып, әсем табиғат аясында демалды. Топтасып коньки теуіп, мұз айдынның қызығын тамашалады. Медеу мұз айдыны балаларға көтеріңкі көңіл күй, сергектік, шымыр денсаулық сыйлады.