15
сентябрь
2025
Адал азамат, ойы озық ұрпақ – білім мен тәрбиенің жемісі
2025 жылдың қыркүйек айында 178 мамандандырылған лицейінде ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста лицей директоры жаңа оқу жылының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі ерекшеліктерімен таныстырып, ата-аналармен кері байланыс орнатты. Лицейдің психолог мамандары мен инспекторы жасөспірімдер тәрбиесі, құқықбұзушылықтың алдын алу және бала қауіпсіздігі туралы ақпарат беріп, сұрақтарға жауап берді. Шараға арнайы қонақ ретінде балалар жазушысы Саят Қамшыгер қатысып, ата-аналармен тәрбие мен ұлттық құндылықтар туралы әсерлі әңгіме өрбітті.
Ата-аналар жиналыстың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. 