Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тілдер мерекесіне арналған тағылымды кездесу өтті
04
сентябрь
2025
Тілдер мерекесіне арналған тағылымды кездесу өтті
2024 жылғы 4 қыркүйек күні Алматы қаласындағы №178 мамандандырылған лицейде Тілдер мерекесіне арналған әдеби-танымдық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оқушылардың тілге деген құрметін ояту, ұлттық рухты дәріптеу. Кештің құрметті қонағы – қазақ тілінің жанашыры, көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі – Асылы Осман Әлиқызы болды.
Ата -аналар мен оқушылар назарына!
03
сентябрь
2025
Ата -аналар мен оқушылар назарына!
ШАҚЫРУ! Құрметті лицей ұстаздары, ата-аналар мен оқушылар! Сіздерді “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылатын қалалық сенбілікке белсене қатысуға шақырамыз! Мақсатымыз — туған қаламызды тазарту, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру. Күні: 6 қыркүйек,2025 жылы Басталу уақыты: 9:00 Өтетін орны: 178 мамандандырылған лицей Келіңіз, бірге таза әрі көрікті Қазақстанды бірге көркейтейік!
Сынып сағаттары – жаңа оқу жылының жарқын бастауы!
02
сентябрь
2025
Сынып сағаттары – жаңа оқу жылының жарқын бастауы!
“Менің Отаным – Қазақстан” атты сынып сағатында оқушылар еліміз туралы қызықты деректермен танысып, топтық жұмыстар орындап, өз ойларын ортаға салды. Сыныптар мерекелік көңіл-күймен безендіріліп, балалардың мектепке деген ынтасын арттырды. Жаңа оқу жылы жарқын білім жолына бастама болсын!
1 қыркүйек – Білім күні: жаңа оқу жылына жарқын бастама!
01
сентябрь
2025
1 қыркүйек – Білім күні: жаңа оқу жылына жарқын бастама!
Бүгін, 1 қыркүйек күні, №178 мамандандырылған лицейінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтіп, мектеп қабырғасы ерекше қуаныш пен мерекелік көңіл-күйге бөленді. Ұстаздар қауымы білім ордасының табалдырығын аттаған оқушылар мен ата-аналарды жылы шыраймен қарсы алып, жаңа оқу жылына сәттілік пен шабыт тіледі. Білім күні – бұл тек алғашқы қоңырау емес, бұл – болашаққа бастар үлкен жолдың бастауы. Мерекелік іс-шара аясында лицей ұжымы мен оқушыларға арналған "Алматы" телеарнасының құттықтауы
"Лицейім – мейірім мекені!" атты Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті!
01
сентябрь
2025
"Лицейім – мейірім мекені!" атты Білім күніне арналған салтанатты
1 қыркүйек күні №178 мамандандырылған лицейінде дәстүрлі Білім күніне арналған "Лицейім – мейірім мекені!" атты мерекелік жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Салтанатты шараға 5, 7, 11-сынып оқушылары мен ата-аналар қатысты.Мерекелік жиында алғашқы қоңырау соғылып, оқушыларға жаңа оқу жылының алғашқы лебіздері жолданды.Оқушылар мен ұстаздардың жылы лебіздері мен әсерлі өнерлері көпшіліктің көңілінен шықты. Жаңа оқу жылы табысты, жемісті болсын! Барша ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тілейміз!
Ата-аналар мен оқушылар назарына!
30
август
2025
Ата-аналар мен оқушылар назарына!
Құрметті ата-аналар мен оқушылар! Сіздерді "Лицейім – мейірім мекені!" атты Білім күніне арналған салтанатты жиынға шақырамыз! Өтетін күні: 2025 жылғы 1 қыркүйек Басталуы: 09:00 Қатысушылар: 5, 7, 11-сынып оқушылары мен ата-аналары Ортақ қуанышты сәттерде жүздесейік!
№1 Педагогикалық кеңес: 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары
29
август
2025
№1 Педагогикалық кеңес: 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты
2025 жылдың 29 тамызында №178 мамандандырылған лицейінде «2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өтті. Кеңес жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының жаратылыстану-математика бағыты кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, доцент Мухамбетжанова Сауле Талапеденовна арнайы қатысып, мазмұнды баяндамасымен бөлісті. Кеңесте қаралған маңызды мәселелер: – Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың
ҰБТ-2025
29
август
2025
ҰБТ-2025
​https://docs.google.com/presentation/d/1l49Bpj_xC6wsRW0gSBugvhCZqHPRgPn8/edit?usp=drive_link&ouid=105954320689884467967&rtpof=true&sd=true​​​ 2024-2025 оқу жылы  ҰБТ-2025  (мамыр-шілде айларында өткен) қорытындысының нәтижелері туралы толық мәліметтер
«Dосболlike» бағдарламасы – достық пен бірлікке бағытталған бастама
28
август
2025
«Dосболlike» бағдарламасы – достық пен бірлікке бағытталған бастама
Лицейімізде «Dосболlike» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты жиналыс өткізілді. Жиын барысында: Бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттері таныстырылды; Алдағы жоспарлар мен іс-шаралар тізбесі талқыланып, Оқушылар арасында достық, бірлік және өзара қолдауды нығайту бағытындағы нақты қадамдар айқындалды. «Dосболlike» – бұл тек бағдарлама емес, бұл — жастардың жылы қарым-қатынасын, өзара түсіністігін және мейірімді орта қалыптастыру жолындағы маңызды жоба.Лицей ұжымы мен белсенді
Қалалық тамыз кеңесі: Физика пәні мұғалімдерінің кәсіби тәжірибе алаңы
28
август
2025
Қалалық тамыз кеңесі: Физика пәні мұғалімдерінің кәсіби тәжірибе алаңы
2025 жылдың 28 тамызында Алматы қаласы білім беру ұйымдарының физика пәні мұғалімдеріне арналған қалалық тамыз кеңесі өтті. Кеңесте №178 мамандандырылған лицейінің физика пәні мұғалімдері өз кәсіби тәжірибелерімен бөлісті: Педагог-зерттеуші Тұрсын Қалбия – "9-сыныптардың қорытынды аттестаттау тапсырмаларын талдау" тақырыбында мазмұнды баяндама жасады; Педагог-сарапшы Орынқұл Илтефат Саядинқызы мен Жумагулова Сағила Абдулаевна – "Білім алушылардың өмірлік дағдыларын дамытудағы жаратылыстанудың