Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Сенім – табыс кілті» психологиялық тренинг
11
декабрь
2025
«Сенім – табыс кілті» психологиялық тренинг
Бүгін лицейде 11-сынып оқушыларына ҰБТ-ға психологиялық дайындық аясында «Сенім – табыс кілті» тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренинг барысында оқушыларға стресс пен толқынысты басқару тәсілдері, өзіне деген сенімділікті арттыруға бағытталған жаттығулар ұсынылды. Шара оқушылардың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға және ҰБТ-ға сенімді дайындалуына ықпал етті.
Ұстаз мерейі үстем болған күн!
10
декабрь
2025
Ұстаз мерейі үстем болған күн!
Бабалар аманатын ұлықтаған ұстаздарымызға мың алғыс! Алматы қаласы Білім басқармасы ББ ЖТ ҒӘО ұйымдастырған «Бабалар аманаты» кәсіби байқауының аудандық кезеңінде лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері зор жетістікке жетті.  Абдумуталипова Перизат Косалиевна — I орын иегері атанып, қалалық кезеңге жолдама жеңіп алды!  Женсикбаева Назигуль Бахытовна — III орын  Аметова Сауле Уринбасаровна — III орын Ұстаздарымыздың еңбегі жанып, шығармашылық ізденістері шыңдала берсін!
Қар көшкінінің алдын алу туралы түсіндірме жұмысы
09
декабрь
2025
Қар көшкінінің алдын алу туралы түсіндірме жұмысы
Бүгін лицейде оқушыларға қар көшкіні қаупі, оның себептері және одан қорғану тәсілдері бойынша арнайы түсіндірме сабақ өткізілді. Онлайн форматта өткен кездесуде мамандар таулы аймақтардағы қауіпсіздік ережелерін, табиғи құбылыстардың ерекшеліктерін және төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндірді. Оқушылар қар көшкінінің негізгі себептерімен, ауа райының өзгеруінің әсерімен, жер сілкінісі сияқты табиғи факторлар және адам әрекеті салдарынан болуы мүмкін қауіптермен
Дұрыс таңдау жаса!
08
декабрь
2025
Дұрыс таңдау жаса!
Лицейіміздің 10-сынып оқушылары қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі "KIMEP" университетіне саяхат-сабағына барды.
Республикалық референдум: Болашаққа бағыт
08
декабрь
2025
Республикалық референдум: Болашаққа бағыт
Бүгін мектебімізде 5–11-сынып оқушылары үшін республикалық референдум туралы бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды. Оқушылар референдумның не екені, оның мемлекет өміріндегі орны, маңызды шешімдердің қалай қабылданатыны және азаматтық ұстанымның маңызы жөнінде түсінік алды. Сабақ барысында балалар өз ойларымен бөлісіп, қоғамдағы әр адамның дауысы маңызды екенін білді.
Бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың бірлігі – сапалы білімнің кепілі
08
декабрь
2025
Бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың бірлігі – сапалы білімнің
Құрметті ата-аналар! 2025 жылдың 12 желтоқсанында мектебімізде «Бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың бірлігі – сапалы білімнің кепілі» тақырыбында ашық есік күні өткізіледі. Іс-шара барысында: ІІ тоқсанда алынған БЖБ жұмыстары таныстырылып, оқушылардың білім, білік, дағдылары бойынша кері байланыс беріледі. Барша ата-аналарды ашық есік күніне белсенді қатысуға шақырамыз!
"Абай әлемі" тақырыбында өткен саяхат-сабағы
08
декабрь
2025
"Абай әлемі" тақырыбында өткен саяхат-сабағы
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде "Абай әлемі" тақырыбында өткен саяхат-сабағына Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші - Темирова Гүлназ Сембайқызы  оқушыларға университет тарихы мен сол университетті бітірген танымал тұлғаларды анықтау мақсатында арнайы тапсырмаларды беріп, саяхат-сабағына барған оқушылармен кері байланыс жасады.
Бірлігі жарасқан отбасы – Тәуелсіз елдің тірегі
06
декабрь
2025
Бірлігі жарасқан отбасы – Тәуелсіз елдің тірегі
6 желтоқсанда Тәуелсіздік мерекесіне орай отбасылық спорттық-эстафета өтті.  Әр отбасы бірліктің күші мен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Бұл сайыс — тек спорт қана емес, отбасының жүрегіндегі байланыс пен еліміздің болашағына деген сенімнің көрінісі.  Бірлікте – қуат, бірлікте – Тәуелсіздік!
Ата-әженің ақыл-кеңесі — жас ұрпаққа бағдар
05
декабрь
2025
Ата-әженің ақыл-кеңесі — жас ұрпаққа бағдар
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, “Даналық мектебі” жобасы бойынша 9-сынып оқушылары арасында тағылымды тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты — оқушылар мен үлкендер арасындағы рухани байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-әжелерден қалған даналық сөздер мен өмірлік тәжірибені жас ұрпақтың бойына сіңіру. Тәрбие сағаты барысында оқушылар ата-әжелердің ақыл-кеңестерін тыңдап, өнегелі әңгімелер арқылы адамгершілік, сыйластық, еңбекқорлық сияқты асыл
Әкбар Нұржау Жолдасбайұлы «Үздік авторлық бағдарлама – 2025» байқауының жеңімпазы
05
декабрь
2025
Әкбар Нұржау Жолдасбайұлы «Үздік авторлық бағдарлама – 2025»
Әкпар Нұржау Жолдасбайұлы Алматы қаласында өткен «Үздік авторлық бағдарлама – 2025» республикалық байқауында III дәрежелі дипломымен марапатталды.  Бұл марапат оның кәсіби еңбегінің, шығармашылық ізденісінің және білім саласына қосқан үлесінің жоғары бағаланғанының дәлелі. Әкбар Нұржау Жолдасбайұлы үшін бұл жетістік — жаңа идеяларға шабыт беретін маңызды қадам.  Әрі қарай да шығармашылық табыс пен жаңа жобаларға жол ашық болсын!