Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Саналы ұрпақ тәрбиесінде ЖИ рөлі: тәжірибе, пікір алмасу және даму бағыттары
27
ноябрь
2025
Саналы ұрпақ тәрбиесінде ЖИ рөлі: тәжірибе, пікір алмасу және даму
2025 жылғы 27 қарашада «Жасанды интеллект дәуірінде саналы ұрпақ тәрбиесі және «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция барысында білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолданудың педагогикалық, әдістемелік және құқықтық қырлары, сондай-ақ оқушылардың цифрлық құзыреттерін дамыту бағыттары мен мұғалімдердің кәсіби өсу мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды. Сонымен бірге оқу-тәрбие жүйесіне «Адал азамат» біртұтас тәрбие
«Біз біргеміз! Буллингке жол жоқ!»
27
ноябрь
2025
«Біз біргеміз! Буллингке жол жоқ!»
2025 жылдың 27 қарашасында  7-сынып оқушыларына арналған «Біз біргеміз! Буллингке жол жоқ!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг оқушылардың буллингке деген көзқарасын өзгертуге, достық қарым-қатынасты арттыруға және бір-біріне деген сенімділік пен қолдау сезімін қалыптастыруға ықпал етті. Оқушылар белсенді қатысып, тренинг жоғары деңгейде өтті.
“Қазақстан Білім Олимпиадасы”
27
ноябрь
2025
“Қазақстан Білім Олимпиадасы”
Мамандырылған білім беру ұйымдарының 10-11 сыныптар арасында өткен “Қазақстан Білім Олимпиадасында”  Мукаметканов Мансур физика пәні бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды! Мансур жарайсың, биік белестерді бағындыра бер!
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы
27
ноябрь
2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Абай өлеңдерін мәнерлеп
Құттықтаймыз!  Алатау ауданы мектеп оқушылары арасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы өтті. Аталған байқауда Қалыбек Мансұр «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы бойынша II орын иеленді. Жетекшісі: Жунисбекова Г.Б.
"Абай әлемі" - қазақ әдебиетінің асыл діңгегі
27
ноябрь
2025
"Абай әлемі" - қазақ әдебиетінің асыл діңгегі
27 қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде рухани мазмұны терең, тағылымы мол «Абай күні» атты саяхат- сабағы өткізілді. Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының мектептермен байланысты нығайтуға бағытталған бұл шара – білім мен парасаттың тоғысқан мерекесі десе болады. Хакім Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында өткен мазмұнды іс-шараға Алматы қаласы, Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
«SAT English Challenge» ағылшын тілі бойынша қалалық олимпиадасы
27
ноябрь
2025
«SAT English Challenge» ағылшын тілі бойынша қалалық олимпиадасы
 №178 Мамандандырылған лицейде 27 қараша күні 6-11-сынып оқушылары арасында ағылшын тілі бойынша қалалық «SAT English Challenge» олимпиадасының лицейішілік кезеңі жүргізілді.
"Жыр тұғыры - Жұмекен" тақырыбындағы кездесу
26
ноябрь
2025
"Жыр тұғыры - Жұмекен" тақырыбындағы кездесу
"Alatau Creative Hub" орталығында, Қазақстан Республикасының гимнің сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жылдық мерейтойына орай "Жыр тұғыры - Жұмекен" тақырыбында іс-шара өтті. Шараға балалар әдебиетінің жазушысы, ақынның рухани досы - Нұрдаулет Ақыш қатысты. Лицейіміздің 6 "Б" сынып оқушылары Қуанышқызы Ерке мен  Өсербай Әмір қатысып, ақынның өлеңдерін оқыды. Шара барысында орталықтың атынан оқушыларға Абай Құнанбайұлының қара сөздері жазылған кітаптар табыс етіліп, жазушы Нұрдаулет Ақыш
«Lesson Study әдістемесін білім беру тәжірибесіне енгізу: тиімді жолдар мен жаңа көзқарастар»
25
ноябрь
2025
«Lesson Study әдістемесін білім беру тәжірибесіне енгізу: тиімді
2025 жылдың 25 қарашасында Алматы қаласындағы №36 гимназия базасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, университеттің биология кафедрасының №178 мамандандырылған лицейдегі филиалы және Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі Жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы бірлесе ұйымдастырған қалалық семинар өтті.  Семинардың негізгі мақсаты – Lesson Study әдістемесінің мазмұны мен құрылымын талдау, оны мектеп тәжірибесіне тиімді енгізу жолдарын көрсету,
«Әділетте берік болсаң – аяғың таймайды!»
24
ноябрь
2025
«Әділетте берік болсаң – аяғың таймайды!»
IV АПТА | 24–28.11.2025 жыл  Дәйексөз: «Әділетте берік болсаң – аяғың таймайды!» Бүгін лицейде жалпы сынып сағаттары өтті. Оқушылар: * Жауапкершілік туралы ой бөлісіп, өз әрекетіне есеп берудің маңызын түсінді; * Қауіпсіздік ережелерін қайталап, төтенше жағдайдағы дұрыс әрекеттерді меңгерді; * «Алматы – таза қала» бағдарламасы аясында экология мен қаланы таза ұстау мәдениетін талқылады; * Профориентацияда болашақ мамандық таңдаудың қадамдарын қарастырды.
“Міржақып Дулатұлы – Ұлт рухының жаршысы”
21
ноябрь
2025
“Міржақып Дулатұлы – Ұлт рухының жаршысы”
21 қараша күні 9-сыныптар арасында Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған мазмұнды іс-шара өтті. Оқушылар тұлғаның өмірі мен шығармашылығын таныстырып, көркем оқулар жасап, тарихи көріністер қойып, шығармашылық жобаларын ұсынды. Шара жас ұрпаққа Міржақып мұрасының мәнін терең түсіндіруге, ұлттық рухты оятуға бағытталды.