Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәсіби шеберлік шыңы – жарқын жеңіс!
09
апрель
2026

Кәсіби шеберлік шыңы – жарқын жеңіс!

2025–2026 оқу жылына арналған жоспар аясында Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының басшылығымен Алатау аудандық Білім бөлімі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері арасында  «Мен – кәсіби маман» ( «Я–прфессионал») аудандық олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың басты мақсаты – дарынды, ізденімпаз мұғалімдерді анықтап, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, педагог мәртебесін көтеру.
Байқаудың аудандық кезеңіне қатысқан орыс тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі мұғалімі Шегалиева Лаззат Кемелбековна жоғары шеберлік танытып, І орын иегері атанды!
Бұл жеңіс – үлкен еңбектің, табандылық пен кәсіби біліктіліктің нәтижесі.
Жеңімпаз енді қалалық кезеңде бақ сынап, өз білімін жаңа деңгейде дәлелдеуге мүмкіндік алды.
Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: