Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Оқитын ұлт: кітап клубы» қалалық интеллектуалды-шығармашылық батлы
21
ноябрь
2025
«Оқитын ұлт: кітап клубы» қалалық интеллектуалды-шығармашылық батлы
8 “Б” сынып оқушылары «Оқитын ұлт: кітап клубы» қалалық интеллектуалды-шығармашылық батлында I орынға ие болды! Бұл – үлкен еңбек пен бірліктің, талпыныс пен ізденістің жемісі. Оқушыларды білімге, әдебиетке, ойлау мәдениетіне баулып жүрген жетекшісі – Окпебаева Салтанат Каджимуратовнаға ерекше алғыс білдіреміз!
XVIII Президенттік олимпиадасының жүлдегерлері
21
ноябрь
2025
XVIII Президенттік олимпиадасының жүлдегерлері
Астана қаласында өткен жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Республикалық XVIII Президенттік олимпиадаға №178 мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушылары қатысып, жүлдемен оралды. XVIII Президенттік олимпиаданың жүлдегерлері: II орын: Бахытжанқызы Адия, III орын: Жұмабек Қажыкелді, грамота: Мухаметканов Мансур. Құттықтаймыз!!!
Алатау ауданында "Сенім диалогы" тәрбиелік-көшбасшылық кездесуі өтті
21
ноябрь
2025
Алатау ауданында "Сенім диалогы" тәрбиелік-көшбасшылық кездесуі өтті
Алатау ауданы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында 10-сынып оқушыларының қатысуымен жастардың тұлғалық дамуына бағытталған “Сенім диалогы” атты кездесуі өтті. Шара жасөспірімдердің көшбасшылық қабілеттерін арттыруды, құқықтық-әлеуметтік сауаттылығын күшейтуді және дұрыс өмірлік таңдауға бағыт беруді мақсат етті. Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға мотивация беретін әсерлі ойларымен бөлісті. Олардың қатарында: Кирикбаев Данияр Батанұлы –
11-сыныптардың білім деңгейін анықтауға бағытталған сынақ нәтижелері
20
ноябрь
2025
11-сыныптардың білім деңгейін анықтауға бағытталған сынақ нәтижелері
2025 жылдың 14 қарашасында 11-сынып оқушылары қорытынды аттестацияға дайындық мақсатында ҰБТ-леу орталығында сынақ тапсырды. Сынақ жұмыстары жоспарға сәйкес өткізіліп, оқушылардың білім деңгейі мен дайындық деңгейі анықталды. Тест қорытындылары пән мұғалімдерімен талқыланып, нәтижелерге сүйене отырып алдағы дайындық жұмыстары бойынша нақты жоспар айқындалды.
"Білім және мансап" тақырыбындағы мамандықтар жәрмеңкесі
19
ноябрь
2025
"Білім және мансап" тақырыбындағы мамандықтар жәрмеңкесі
2025 жылдың 19 қараша күні №178 мамандандырылған лицейдің 9-11 сынып оқушылары «Атакент» көрме орталығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан дәстүрлі «Білім және мансап» атты XXIV Қазақстан халықаралық көрмесіне қатысты. Көрмеде оқушылар мамандыққа байланысты маңызды ақпараттармен танысып қайтты.
«Білім және мансап» атты XXIV Қазақстан халықаралық көрмесі

Мамандық таңдау – басты міндет!
17
ноябрь
2025
Мамандық таңдау – басты міндет!
Лицейіміздің 10-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру бойынша қаламыздағы ең үздік университеттердің бірі, қазіргі таңда нарықта өзіндік орны бар Сүлеймен Демирел университетіне кәсіби бағдар алу мақсатында саяхат-сабағы негізінде КАМПУС ТУР жасады.
Интернет дәуіріндегі білім: пайдасы мен қауіпі
17
ноябрь
2025
Интернет дәуіріндегі білім: пайдасы мен қауіпі
Бүгін,17 қараша күні, лицейімізде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 3-курс студенттерімен бірге «Интернетті білім алуда пайдалану: пайдасы мен қауіпі» тақырыбында пікірсайыс өтті. Пікірсайыс барысында интернеттің білімге ашатын мүмкіндіктері, цифрлық ресурстардың тиімділігі, онлайн кеңістіктегі қауіптер және жауапты цифрлық мәдениет талқыланды. Студенттер мен оқушылар өз ойларын нақты
Буллингтен қорған – «ДОСБОЛLIKE»
17
ноябрь
2025
Буллингтен қорған – «ДОСБОЛLIKE»
Лицейімізде оқушылардың қауіпсіз ортасын қалыптастыруға арналған «ДОСБОЛLIKE» тақырыбындағы тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында балалар буллингтің түрлері мен оның салдары туралы ақпарат алып, оны алдын алу жолдарын талқылады. Оқушылар бір-біріне құрметпен қарау, өзгелердің сезімін ескеру және қиын сәтте достарына қолдау көрсету сияқты маңызды дағдыларды меңгерді. Сабақтың негізгі мақсаттары: -жанжалдан шығудың қауіпсіз жолдарын үйрету; -өз-өзіңді қорғаудың тиімді тәсілдерін көрсету; -сыныпта