08
апрель
2026
Наурыз айындағы ҰБТ қорытындысы бойынша үздіктер анықталды
Наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) қорытындылары шығарылып, лицей бойынша нәтижелерге жан-жақты талдау жүргізілді. Оқушылардың тапсырған тест қорытындысын саралай отырып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген білім алушыларды ерекше атап өтті. Атап айтқанда, 120 баллдан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар лицейдің мақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл — оқушылардың жүйелі дайындығы мен табандылығының, сондай-ақ ұстаздардың сапалы білім беру еңбегінің айқын көрсеткіші.
Сонымен қатар, ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізген сыныптарға лицейдің ауыспалы кубогы табысталды. Аталған марапат сыныптардың ұйымшылдығы мен бірлескен еңбегінің, жетекші мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің нәтижесі ретінде бағаланды. Салтанатты жиында лицей ұстаздары талапты шәкірттерге ізгі тілектерін білдіріп, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, асар асулары көп болуын тіледі. Лицей ұжымы алдағы уақытта да білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, оқушылардың жоғары нәтижелерге жетуіне бар күш-жігерін жұмсайтын болады.