01
апрель
2026
«Lesson Study: қазақстандық мектептердің тәжірибесі» атты аймақтық конференция өтті!
Іс-шара білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Конференцияға 178 мұғалім қатысып, тәжірибе алмасты. Биология, физика, химия пәндерінің мұғалімдері: Алипова Мира Талгатовна, Ақын Гүлназ және Бақытжан Нұргүл "Биология, химия және физика пәндерін кіріктіру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" атты авторлық бағдарлама негізінде воркшоп өткізді. Воркшоп барысында:
- Пәндер арасындағы байланысты тиімді қолдану;
- Ғылыми ұғымдарды өмірмен ұштастыру;
- Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту жолдары ұсынылды;
- Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, өзара тәжірибе алмасты.
Іс-шараға Алматы облысы Қарасай ауданы мен Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері белсенді қатысты. Бұл воркшоп мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беріп, заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік ашты. Қатысушылардың пікірінше, ұсынылған авторлық бағдарлама – білім сапасын арттыруға бағытталған құнды жоба. Әсіресе, оқушыларды халықаралық PISA зерттеулеріне дайындауда маңызы зор екені атап өтілді.
