10
апрель
2026
Дарынды жастарға арналған қалалық таланттар саммиті
9–10 сәуір күндері Алматы қаласында дарынды жастарға арналған қалалық таланттар саммиті өтті.
Іс-шараның ұйымдастырушысы — «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.
Саммитке Алматы қаласының ғылыми жоба байқауларының қалалық және республикалық кезеңдерінің жүлдегерлері болып табылатын талантты оқушылар қатысты. Аталған іс-шарада №178 мамандандырылған лицейдің
8-сынып оқушылары Ногайбекова Каусар мен Жанатқызы Күнім биология пәні бойынша «Алматы қаласының педосферасының ахуалы» тақырыбындағы ғылыми жобасын қорғап шықты. Жетекшісі - биология пәнінің мұғалімі Алипова Мира Талгатовна. Тыңдаушы ретінде қаланың мектеп оқушылары мен мұғалімдерінен басқа жоғары оқу орындарының академиктері мен профессорлары да болды.
Сонымен қатар, Саммит аясында ұйымдастырылған шеберлік сағаттарға лицейдің дарынды оқушылары Жұмабек Қажыгелді, Аманжол Ералы, Серік Асия, Олжас Ескандр қатысты.
Саммит барысында жетекшілер мен мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру бағдарламасы ұйымдастырылып, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік берілді.
