09
апрель
2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға танымдық саяхат
2026 жылғы 9 сәуір күні 8-сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері педагогика ғылымдарының магистрлері С.У.Аметова, С.Т.Төлендиева, А.О.Оспанбековалардың жетекшілігімен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға танымдық саяхат жасады.
Оқушылар қоршаған ортаны қорғау, сирек кездесетін жан-жануарлар әлемімен танысып, болашақ ғылыми жобаларына шабыт алды. Заманауи электронды ресурстарды меңгеріп, Алаш қайраткерлері залында құнды деректермен танысты. Филология факультетінің оқытушыларымен кездесу оқушыларға ерекше мотивация сыйлады. Ғылым жолын таңдаудың маңызы мен зерттеу тақырыптарының өзектілігі талқыланды.
Бұл сапар — білімге құштар жастар үшін үлкен мүмкіндіктердің бастауы!
