23
апрель
2026
Үздік шығармашыл кітапханашы – 2026
23 сәуір — Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай ұйымдастырылған “LIBRARY STAR – 2026” салтанатты кешінде лицейіміздің кітапханашысы Жунисбекова Гүлшира Бақтиярқызы «Үздік шығармашыл кітапханашы» номинациясы бойынша марапатталды! Бұл жетістік — лицейіміздің мерейін асқақтатқан, қажырлы еңбек пен шығармашылық ізденістің жемісі.
Құрметті Гүлшира Бақтиярқызы, алдағы уақытта да шығармашылық шабытпен еңбек етіп, оқырмандар санын арттырып, кітапсүйер қауымның зор ықыласына бөлене беруіңізге тілектеспіз!
Марапатыңыз құтты болсын!


