Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кітап – рухани қазына, кітапханашы – оның шырақшысы
22
октябрь
2025

Кітап – рухани қазына, кітапханашы – оның шырақшысы

Кітапханашылар күніне орай «Балалар кітапханасы» жобасы аясында лицейде «Кітапханаға кітап сыйла» атты акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – жас ұрпақты кітап оқуға баулу, кітапхана қорын толықтыру, сонымен қатар кітапханашы мамандығының қоғамдағы маңызын насихаттау болды. Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар өздерінің сүйікті көркем әдебиеттерін, балаларға арналған танымдық кітаптарды тарту етіп, білім ордасының рухани қорына үлес қосты. Бұл бастама – тек кітап қорын байыту ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпаққа мейірім мен ізгілік дәнін себудің жарқын үлгісі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: