21
февраль
2026
"Директор кубогы - І" дәстүрлі турнирі өз мәресіне жетті
Лицейдің 7-сынып оқушылары арасында волейболдан "Директор кубогы - І" дәстүрлік турнирі өтті. Жарысқа барлық 7-сыныптардың оқушылары қатысып, өзара спорттық сайысқа түсіп, шын мықтыны анықтады. Тартысқа толы бәсекеде чемпион және жүлдегер сыныптар анықтады, үздік ойыншыларға арнайы номинациялар берілді.
Сонымен жеңімпаз және жүлдегер атанған сыныптар:
І орын - 7 "А" сыныбы және 15 000 теңге жүлде иегері
ІІ орын - 7 "Ә" сыныбы
ІІІ орын - 7 "В" сыныбына бұйырды.
Сондай-ақ "Ең үздік ойыншысы", "Ең үздік қорғаушы", "Ең үздік шабуылдаушы", "Ең үздік капитан", "Ең үздік сейф", "Ең үздік жанкүйерлер" номинациясы бойынша да оқушылары жекелей марапатталды.
Жарыстың бас демеушісі: Әбілқайыр Тілеужан!
