30
май
2024
"Директор кубогы — ІІ" дәстүрлі турнирі өз жалғасын тапты
1-маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 8-сынып оқушылары арасында футболдан дәстүрлі ауыспалы "Директор кубогы — ІІ" турнирі өтті. Турнирге 8 сынып қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жеңімпаз және жүлдегер атанған сыныптарға кубок, медаль, статуэтка, т.б. бағалы сыйлықтар табыс етілді. Нәтижесінде:
І орын — 8 "Д" сыныбы;
ІІ орын — 8 "Г" сыныбы;
ІІІ орын — 8 "А" сыныбы.
Сонымен қатар, 10 ойыншы үздік номинацияларға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Енді келесі оқу жылында "Директор кубогы — ІІІ" турнирінде жеңімпаз команда ауыспалы кубокты қорғайтын болады.
Келе жатқан 1-маусым — Халықаралық балалар күні құтты болсын!
