26
апрель
2026
Лицей оқушылары «Балафест» байқауында жүлделі орын алды
Аудандық «Балафест» байқауы аясында өткен «Кітап – білім бұлағы» байқауының «Театр өнері арқылы – оқуға» номинациясы бойынша №178 мамандандырылған лицейдің 6 «Б» сынып оқушылары жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Жас өнерпаздар өздерінің сахналық шеберлігі мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының ықыласына бөленді. Бұл жетістік – оқушылардың өнерге деген қызығушылығы мен ұстаздарының еңбегінің нәтижесі.