25
апрель
2026
Лицей мақтанышы: шахматтағы жеңісті жетістік
25–26 сәуір күндері Алматы қаласында рапид және блиц шахматынан чемпионат өтті. Аталған жарыста 7 «Б» сынып оқушысы Елібай Әлихан Бегайдарұлы жоғары шеберлік танытып, тамаша нәтиже көрсетті.
Ол блиц түрі бойынша І орын иеленіп, қала чемпионы атанды. Сонымен қатар рапид бойынша жүлделі ІІ орынға ие болып, өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Бұл жетістік – оқушының табандылығы мен шахматқа деген қызығушылығының, сондай-ақ ұстаздарының жүйелі еңбегінің жемісі.
