23
апрель
2026
Жастардың құқықтық мәдениеті және мұғалімдердің жаңа буынын даярлау мәселелері
2026 жылғы 23 сәуірде Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің базасында «Жастардың құқықтық мәдениеті мен кәсіпкерлік бағдарларын дамыту үшін бәсекеге қабілетті мұғалімдердің жаңа буынын даярлау» тақырыбында еңбек нарығының қажеттіліктерін талқылауға арналған, кадрларды даярлау бағыты бойынша ОӘБ РОӘК аясында бизнес және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен форум өтті.
Аталған форум шеңберінде лицейдің тарих пәні мұғалімі Турлығожаев Әли Ерболатұлы «Жастардың құқықтық тәрбиесі мен мұғалімдердің кәсіби даму стратегиялары» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамасында спикер қоғамның дамуы жастардың құқықтық мәдениеті мен педагогтердің кәсіби деңгейіне тікелей байланысты екенін атап өтті.
Турлығожаев Әли Ерболатұлының мазмұнды әрі өзекті баяндамасы қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, талқыланған мәселені тереңірек зерделеуге және тәжірибе алмасуға кең мүмкіндік берді.