Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәсіби бағдар беру мақсатындағы кампус тур
27
апрель
2026

Кәсіби бағдар беру мақсатындағы кампус тур

Кәсіби бағдар беру аясында лицейдің 10-сынып оқушылары «саяхат-сабақ» жобасы бойынша Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті-не кампус тур жасады. Бұл сапар оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар беріп, жоғары оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік берді. Кампус тур барысында оқушылар университеттің оқу корпустарын, заманауи зертханаларын және IT саласына арналған арнайы аудиторияларын аралап көрді. Университет өкілдері оқу бағдарламалары, грант мүмкіндіктері және студенттік өмір туралы жан-жақты ақпарат берді. Әсіресе, бағдарламалау, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект бағыттары оқушылардың қызығушылығын арттырды.

Сондай-ақ, экскурсия кезінде оқушылар студенттермен пікір алмасып, олардың тәжірибесімен танысты. Бұл кездесу болашаққа деген сенімді нығайтып, өз мақсаттарын айқындауға көмектесті.

Қорытындылай келе, мұндай кампус турлар оқушылар үшін өте пайдалы. Олар тек білім ордасымен танысып қана қоймай, өздерінің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік алады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: