23
апрель
2026
Жас маман – жарқын жеңіс!
2026 жылдың 23 сәуір күні Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» Тілеубай Сания Өскенбайқызы атындағы физика пәні мұғалімдеріне арналған аудандық олимпиада өтті. Мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық әлеуетін арттыру және озық тәжірибені тарату. №178 мамандандырылған лицейдің жас мамандары –физика пәні мұғалімдері өздерінің кәсібилігі мен білім деңгейін дәлелдеп, жоғары нәтижемен қалалық кезеңге жолдама алды:
Әкбар Нұржау Жолдасбайұлы – І орын
Нұрсал Дәлел – ІІ орын
Жас мамандар – білімнің жаңа буыны!
Ізденіс + еңбек = ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК!