Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қалалық тамыз кеңесі: Физика пәні мұғалімдерінің кәсіби тәжірибе алаңы
28
август
2025

Қалалық тамыз кеңесі: Физика пәні мұғалімдерінің кәсіби тәжірибе алаңы

2025 жылдың 28 тамызында Алматы қаласы білім беру ұйымдарының физика пәні мұғалімдеріне арналған қалалық тамыз кеңесі өтті.
Кеңесте №178 мамандандырылған лицейінің физика пәні мұғалімдері өз кәсіби тәжірибелерімен бөлісті:
Педагог-зерттеуші Тұрсын Қалбия – "9-сыныптардың қорытынды аттестаттау тапсырмаларын талдау" тақырыбында мазмұнды баяндама жасады;
Педагог-сарапшы Орынқұл Илтефат Саядинқызы мен Жумагулова Сағила Абдулаевна – "Білім алушылардың өмірлік дағдыларын дамытудағы жаратылыстанудың практикалық рөлі" тақырыбындағы панельдік сессияны жүргізді.
Тамыз кеңесінде 2024–2025 оқу жылына қорытынды жасалып, алдағы 2025–2026 оқу жылына арналған жоспарлар мен ұсыныстар талқыланды.
Мұғалімдер пән бойынша оқыту сапасын арттыру, заманауи білім беру трендтері мен практикалық әдістерді енгізу жолдарын ортаға салды.
  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: