Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №1 Педагогикалық кеңес: 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары
29
август
2025

№1 Педагогикалық кеңес: 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары

2025 жылдың 29 тамызында №178 мамандандырылған лицейінде «2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өтті.
Кеңес жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының жаратылыстану-математика бағыты кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, доцент Мухамбетжанова Сауле Талапеденовна арнайы қатысып, мазмұнды баяндамасымен бөлісті.
Кеңесте қаралған маңызды мәселелер:
– Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Тамыз конференциясындағы тапсырмалары;
– 2025–2026 оқу жылының басты ерекшеліктері;
– Оқу-тәрбие үдерісіне қатысты нормативтік құжаттар;
– «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы;
– Жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізу мәселелері;
– Жылдық оқу-тәрбие жоспарының бекітілуі;
– Лицейдің тәрбие және санитарлық бағыттағы жұмыс есебі;
– «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының маңыздылығы.
Кеңес барысында жаңа оқу жылына арналған нақты мақсаттар айқындалып, педагогтер арасында тиімді тәжірибе алмасу жүзеге асты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: