Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Физика пәнінің оқытылу сапасын жетілдіру» тақырыбындағы қалалық семинар-практикум өткізілді.
06
январь
2025

«Физика пәнінің оқытылу сапасын жетілдіру» тақырыбындағы қалалық семинар-практикум өткізілді.

2025 жылы 06 қаңтарда №178 мамандандырылған лицей базасында  Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері Жакыпова Назима Балапановнаның ұйымдастыруымен «Физика пәнінің оқытылу сапасын жетілдіру» тақырыбындағы қалалық семинар-практикум өткізілді.
 Мақсаты:  Физика  пәнінің білім беру үдерісін ұйымдастыру тиімділігін, физикалық білім беру сапасын арттыру бойынша педагогтердің кәсіби деңгейін жетілдіру. 
Алғашқы сөз ҚББЖТҒӘО физика пәні әдіскері Жақыпова Назима Балапановнаға берілді. Ол өзінің «Сабақты талдау және өзін-өзі талдау – мұғалімнің әдістемелік шеберлігін арттыру құралы» атты баяндамасында педагогикалық рефлексияның маңызын ашып, әрбір мұғалімнің кәсіби дамуы үшін сабақты жүйелі түрде талдау және өзін-өзі бағалау дағдыларын меңгеру қажеттігін баса айтты. Мұғалімдерге арналған «Сабаққа талдау» үлгілері ұсынылып, өз жұмысына сын көзбен қараудың маңызы түсіндірілді. 
Барлық спикерлер физика пәнін оқытуда сапа мен мазмұнды жетілдіруге бағытталған өзекті, тәжірибелік әрі қолданбалы тәсілдермен бөлісті. Семинар-практикум қатысушылар үшін педагогикалық тәжірибені жаңғырту, жаңа технологияларды қолдану, сабақ сапасын жақсарту құралдарын меңгеру үшін маңызды алаң болды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: