27
март
2025
«Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы пәндік апробациялау жұмыстары: тематикалық бақылау. Тәжірибе» тақырыбында қалалық семинар-практикумы өткізілді
2025 жылғы 27 наурыз күні Алматы қаласының Білім басқармасы Қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы және №178 мамандандырылған лицейдің бірлесуімен «Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы пәндік апробациялау жұмыстары: тематикалық бақылау. Тәжірибе» тақырыбында қалалық семинар-практикумы өткізілді.
Семинар-практикум мақсаты: функционалдық сауаттылық мәнін пәндік құзыреттілік мәнінде практикалық апробациялау
Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері Жакыпова Назима Балапановнаның ұйымдастыруымен ҚББЖТҒӘО әдіскері Турысбекова Алия Қыдыргажиновнаның жетекшілігімен өткен семинар-практикумға оқу сауаттылығы, жаратылыстану сауаттылығы, математикалық сауаттылық аспектілерін жүзеге асыратын 200-ден аса қаланың пән мұғалімдері қатысты. Семинар-практикум аясында педагогтер оқушылардың өмірге бейімделу дағдыларын дамыту жолдарын тереңірек түсініп, пән мен өмір арасындағы байланысты нығайту үшін қандай құралдар қолдану керек екенін нақты білді, өзара тәжірибе алмасып, оқыту сапасын арттыруға бағытталған бірегей тәсілдермен танысты.