03
март
2025
"Табысты мектеп – 2025" жобасы
Алматы қаласының Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО ұйымдастыруымен дарынды балаларға арналған N178 мамандандырылған лицейде Абай атындағы ҚазҰПУнің Биология кафедрасы филиалының “Биология-химияны оқытуда функционалды сауаттылықты дамыту арқылы білім сапасын арттыру” тақырыбындағы бірлескен қалалық семинар-практикумы өтті.
"Табысты мектеп – 2025" жобасы және Алматы қаласын дамыту бағдарламасы аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған семинар-практикумға Алматы қаласы ҚББЖТҒӘО-ның биология-химия пәнінің әдіскері Б.Б.Алимбекова, Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылары К.А.Жумагулова, Г.С.Камиева, А.Г.Аубакир, Р.Е.Амзеев және N202 мектеп-гимназияның биология пәнінің мұғалімі И.П.Өтегенова, N178 мамандандырылған лицей мұғалімдері М.Т.Алипова, А.Р.Батырканова шебер-сабақтар өткізіп, тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар химия пәнінің мұғалімдері Н.А.Жакыпбекова, Н.Бақытжан мен М.Тәліп химия пәні бойынша «Қызықты тәжірибелер алаңы» атты көрме ұйымдастырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын аша түсті. Өткізген барлық іс-шаралардың мазмұны биология-химия пәндерінің теориясы мен практикасын, білім алушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыруды және жобалық жұмысты ұйымдастырудың әдістемелік негіздері мен іс-әрекетті зерттеу арқылы көшбасшылықты дамытуды қамтыды.
Семинар-практикум соңында қатысушылар осындай мазмұнды және практикалық маңызы бар семинарларды жиі өткізу туралы ұсыныстарын білдірді.