Бокс - өнер және логика
Олимпиада ойындарында қазақ еліне ең көп нәтиже алып келген спорттың түрі - бокс! Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында пән мұғалімдері: Самал Төлендіқызы мен Әбілқайыр Тілеужанның ұйымдастыруымен қазақ тілі пәнінен олимпиада ойындарының бөліміне қарасты "Жиырма жыл күткен жеңіс және бокс" тақырыбында 6 "Б" сыныбының оқушылары "SAQ" спорт залында белгілі бокс бапкері - Дәулет Нұрланұлының шеберлік сағатына қатысып, бокс спорты туралы көптеген ақпараттарды біліп,