Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Соңғы үш жыл: даму, жетістік, нәтиже
16
февраль
2026
Соңғы үш жыл: даму, жетістік, нәтиже
Лицейіміздің соңғы үш жылдағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерін қамтитын қорытынды есеп дайындалды. Есепте білім сапасының көрсеткіштері, оқушыларымыздың жетістіктері, мұғалімдердің кәсіби даму деңгейі, материалдық-техникалық базаның жаңартылуы және тәрбиелік іс-шаралардың тиімділігі жан-жақты талданды. Бұл құжат лицейдің даму динамикасын айқындап, алдағы кезеңге арналған мақсат-міндеттерді нақтылауға негіз болады. Бірлесе атқарған еңбегіміздің нәтижесі – ортақ жетістігіміз! Лицейдің үш жылдық
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
16
февраль
2026
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
Лицейде тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау жүргізді. Оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне көз жеткізді. Асхана барлық санитарлық талаптарды орындап, оқушылар үшін тиімді жұмыстарды атқаруда. Алдағы уақытта да лицей әкімшілігі жүйелі жұмыс істеп, оқуш ыларға тиесілі мүмкіндіктерді қарастырады.
ҰБТ қорытындысы: Үздік сыныптар мен озат оқушылар марапатталды
16
февраль
2026
ҰБТ қорытындысы: Үздік сыныптар мен озат оқушылар марапатталды
Қаңтар айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) қорытындылары шығарылып, лицей бойынша нәтижелерге жан-жақты талдау жүргізілді. Лицей директоры тест қорытындысын саралай отырып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген білім алушыларды ерекше атап өтті. Атап айтқанда, 120 баллдан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар лицейдің мақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл — оқушылардың жүйелі дайындығы мен табандылығының, сондай-ақ ұстаздардың сапалы білім беру еңбегінің айқын көрсеткіші.
"Дұрыс тамақтануды насихаттау"
16
февраль
2026
"Дұрыс тамақтануды насихаттау"
  Дұрыс тамақтану ережесін білу артық салмақ мәселесін де туғызбайды. Салауатты өмір салтын ұстанудың басты ережесі де дұрыс тамақтануды білуге тиіссіз. Денсаулығыңызға бей-жай қарағыңыз келмей ме, тамақтану кестесін белгілеуден бастаңыз.  Тәулігіне бір — екі рет қана тамақтану дұрыс емес. Белгілі мөлшерде үш немесе төрт рет тамақтану керек. Тамақтың құнарлы болғанына көңіл бөліңіз. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері болған абзал.