05
февраль
2026
"Дұрыс тамақтануды насихаттау"

05.02.2026 күні 5 «Б» сыныбында «Дұрыс тамақтану кестесі» атты дұрыс тамақтануды насихаттау жүргізілді.Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер беру арқылы денсаулықтың құндылығы мен дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту.Сабақ барысында оқушылар дұрыс және дұрыс емес тағамдарды ажыратып, күнделікті тамақтану кестесінің адам ағзасына тигізер пайдасын талқылады. Белсенді сұрақ-жауап арқылы оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсінді.
Сынып сағаты оқушылардың қызығушылығын арттырып, дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.