04
сентябрь
2025
Тілдер мерекесіне арналған тағылымды кездесу өтті
2024 жылғы 4 қыркүйек күні Алматы қаласындағы №178 мамандандырылған лицейде Тілдер мерекесіне арналған әдеби-танымдық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оқушылардың тілге деген құрметін ояту, ұлттық рухты дәріптеу.
Кештің құрметті қонағы – қазақ тілінің жанашыры, көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі – Асылы Осман Әлиқызы болды.
Кездесу барысында Асылы апайымыз қазақ тілінің құдіреті, ұлттық болмыс пен рухани құндылықтардың мәні туралы жүрекжарды ойларымен бөлісті.
«Қазақ тілінде сөйлеу – қазақ халқына деген құрмет» деген апайдың рухты сөзі оқушыларға терең ой салып, ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін нығайтты.
Шара аясында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұстаздары мен оқушылары поэзиялық шығармалар оқып, әдебиет пен өнерді ұштастыра отырып, ұлттық рухты жырмен де, өнермен де жеткізе білді.
Кеш соңында лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы құрметті қонаққа ризашылығын білдіріп, арнайы шапан жауып, құрмет көрсетті.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан – тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар Үсенқызы Мөлдір мен Батырбекқызы Сания, сондай-ақ тәлімгер Асылбек Аяжан.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың ана тіліне деген құрметін арттырып, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.