13
февраль
2025
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі
Ақпанның он бірі күні лицейімізде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының “Ұлттық рухтың негізі–тіл” тақырыбындағы Онкүндігі негізінде сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. “Ұлттық тағам–ұлт бренді” атты көшпенділер жәрмеңкесі деп аталатын бұл шараның мақсаты жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Қазақ әдебиетіміздегі шығармаларды ерекше көркемдейтін қонақжайлық, ақ дастарханға тән тағамдардың қашанда сұранысқа ие екенін көрсету. Қонақ күту, сый беру, құрмет көрсету сияқты тәрбиелік мәні зор құндылықтарды оқушы бойына сіңірту.