20
февраль
2025
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында, 11-ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Т.Төлендиева 5 "Б" сыныбында "Қазіргі автокөлік түрлері" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың құрылымы оның мазмұны мен мақсатына сәйкес келді. Тапсырмалар жұптық, топта және жеке ұйымдастырылды, әр оқушыға өз білімін, іскерлігін көрсетуге мүмкіндік берілді. Сабақта әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, мұғалім мен оқушылар тарапынан бағалау дер кезінде беріліп, кері байланыс жүргізілді. Сабақ жоспарланған, материал оқушылардың жас ерекшеліктері мен тілдік қабілеттерін ескере отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатына сәйкес таңдалған.