19
февраль
2025
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі
№ 178 мамандандырылған лицейде 3-13 ақпан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы өтіп жатыр. Осы орайда 4-ақпанда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Т. Ертуганова 8 "Ә" сыныбымен "Қызыл кітапқа енген құстар мен балықтар" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта мұғалім заманауи оқыту технологиялары мен білім платформаларын тиімді пайдаланды.Оқушылар сабаққа белсенді араласып, тапсырмаларды қызыға орындады. Сабақ өз мақсатына жетіп, әріптестердің оң бағалауына ие болды.