Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қаңтар ҰБТ-сы басталды: Лицей түлектері алғашқы жоғары нәтижелерін көрсетуде!
30
январь
2026
Қаңтар ҰБТ-сы басталды: Лицей түлектері алғашқы жоғары нәтижелерін
Елімізде талапкерлер үшін маңызды кезең – Қаңтар айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) ресми түрде басталды. Тестілеу 10 ақпанға дейін жалғасады. Биылғы жылы біздің лицейден 195 оқушы сынақ тапсыруға өтініш білдірді. Алғашқы күннің өзінде қуанышты хабармен бөліскіміз келеді. Бітіруші түлектеріміздің арасынан Сембек Еркебұлан - 136 балл, Ахмет Жасия - 135 балл, Аманжол Ералы - 122 балл, Бейсенов Ақниет - 121 балл жинап ерекше нәтиже көрсетті! Бұл – терең білім мен тынымсыз еңбектің жемісі.
"Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізілді
16
январь
2026
"Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізілді
Лицейдің кәсіби бағдар беру маманы Тілеужан Әбілқайыр 9 "А", "Г", "Д" сыныптарының ата-аналарына "Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауы, қабілет пен қызығушылықты ескеру, ата-ананың бағыт-бағдар берудегі рөлі туралы маңызды ақпараттар айтылды. Ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, кері байланыс жасалды. Мұндай кездесулер – оқушының болашағына жасалған маңызды қадам.
«Жаңа ұрпақ және отбасы тәрбиесі: жаңа талаптар, жаңа көзқарас» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
16
январь
2026
«Жаңа ұрпақ және отбасы тәрбиесі: жаңа талаптар, жаңа көзқарас»
Лицейімізде «Жаңа ұрпақ және отбасы тәрбиесі: жаңа талаптар, жаңа көзқарас» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыстың негізгі мақсаты – қазіргі қоғам жағдайында бала тәрбиесіндегі отбасының маңызын айқындау, ата-ана мен лицей арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту және білім алушылардың тұлғалық дамуына ықпал ететін өзекті мәселелерді талқылау болды. Жиналыс барысында психология ғылымдарының докторы Жасұлан Сейткалиев сөз сөйлеп, қазіргі қоғамдағы бала тәрбиесінің
Хабарландыру!
12
январь
2026
Хабарландыру!
Құрметті ата-аналар! Сіздерді «Жаңа ұрпақ және отбасы тәрбиесі: жаңа талаптар, жаңа көзқарас» атты жалпы ата-аналар жиналысына шақырамыз! Өтетін күні: 16.01.2026 жыл Уақыты: 18:30 Өтетін орны: мәжіліс  залы Бала болашағы – біздің ортақ жауапкершілігіміз!
Жұқа мұз – қауіпті!
31
декабрь
2025
Жұқа мұз – қауіпті!
Қысқы демалыс қарсаңында лицейде оқушылармен қауіпсіздік шаралары бойынша алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты – балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпті жағдайлардың алдын алу. Мұз үстіндегі ойындардың қауіптілігі, жолда жүру ережелері мен оттан, электрден сақтану туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар, ата-аналар чатына жұқа мұздың өмірге қауіп төндіретіні жайлы ақпараттар жолданды.
Оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығы бойынша мониторинг
22
декабрь
2025
Оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығы бойынша мониторинг
Оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындығын жүйелі бақылау мақсатында жекелеген пәндер бойынша І жарты жылдық қорытындысы негізінде мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде білім алушылардың пәндер бойынша үлгерім деңгейі, оқу жетістіктерінің динамикасы және қиындық тудыратын тақырыптар айқындалды. Аталған нәтижелер бойынша пән мұғалімдерімен кері байланыс ұйымдастырылып, білім сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен түзету жұмыстары қарастырылды. Алдағы кезеңде
Оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін анықтау мақсатында жүргізілген директорлық бақылау жұмыстары
22
декабрь
2025
Оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін анықтау мақсатында жүргізілген
Лицейішілік бақылау жоспарына сәйкес 2025 жылғы 22 желтоқсаннан бастап білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау, білім сапасын талдау және оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін бағалау мақсатында директорлық бақылау жұмыстары жүргізілуде. Директорлық бақылау жұмыстарының нәтижелері оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді шараларды айқындауға негіз болары сөзсіз.
Қар көшкінінің алдын алу туралы түсіндірме жұмысы
09
декабрь
2025
Қар көшкінінің алдын алу туралы түсіндірме жұмысы
Бүгін лицейде оқушыларға қар көшкіні қаупі, оның себептері және одан қорғану тәсілдері бойынша арнайы түсіндірме сабақ өткізілді. Онлайн форматта өткен кездесуде мамандар таулы аймақтардағы қауіпсіздік ережелерін, табиғи құбылыстардың ерекшеліктерін және төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндірді. Оқушылар қар көшкінінің негізгі себептерімен, ауа райының өзгеруінің әсерімен, жер сілкінісі сияқты табиғи факторлар және адам әрекеті салдарынан болуы мүмкін қауіптермен
Бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың бірлігі – сапалы білімнің кепілі
08
декабрь
2025
Бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың бірлігі – сапалы білімнің
Құрметті ата-аналар! 2025 жылдың 12 желтоқсанында мектебімізде «Бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың бірлігі – сапалы білімнің кепілі» тақырыбында ашық есік күні өткізіледі. Іс-шара барысында: ІІ тоқсанда алынған БЖБ жұмыстары таныстырылып, оқушылардың білім, білік, дағдылары бойынша кері байланыс беріледі. Барша ата-аналарды ашық есік күніне белсенді қатысуға шақырамыз!
Бірлігі жарасқан отбасы – Тәуелсіз елдің тірегі
06
декабрь
2025
Бірлігі жарасқан отбасы – Тәуелсіз елдің тірегі
6 желтоқсанда Тәуелсіздік мерекесіне орай отбасылық спорттық-эстафета өтті.  Әр отбасы бірліктің күші мен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Бұл сайыс — тек спорт қана емес, отбасының жүрегіндегі байланыс пен еліміздің болашағына деген сенімнің көрінісі.  Бірлікте – қуат, бірлікте – Тәуелсіздік!
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 64 Вперед