16
январь
2026
«Жаңа ұрпақ және отбасы тәрбиесі: жаңа талаптар, жаңа көзқарас» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
Лицейімізде «Жаңа ұрпақ және отбасы тәрбиесі: жаңа талаптар, жаңа көзқарас» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Жиналыстың негізгі мақсаты – қазіргі қоғам жағдайында бала тәрбиесіндегі отбасының маңызын айқындау, ата-ана мен лицей арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту және білім алушылардың тұлғалық дамуына ықпал ететін өзекті мәселелерді талқылау болды.
Жиналыс барысында психология ғылымдарының докторы Жасұлан Сейткалиев сөз сөйлеп, қазіргі қоғамдағы бала тәрбиесінің психологиялық қырлары, ата-ана жауапкершілігі және жасөспірімдермен тиімді қарым-қатынас орнату жолдары жөнінде құнды ойларымен бөлісті.
Ата-аналар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, бала тәрбиесіне қатысты өзекті сұрақтарына жауап алды. Осындай мазмұнды кездесулер ата-ана мен білім ордасының бірлескен жұмысына серпін беретіні сөзсіз.
