23
январь
2026
«Ғылым көкжиегі» тақырыбында ғалымдармен кездесу
Физика–информатика кафедрасының «Физика – табиғат сыры, информатика – заман тілі» атты онкүндігі аясында «Ғылым көкжиегі» тақырыбында ғалымдармен кездесу өтті.
Кездесуге физика-математика ғылымдарының докторы, ҰҒА корреспондент-мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Абишев Медеу Ержанұлы және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғарыштық технологиялар орталығының аға ғылыми қызметкері Бейсен Әсет Нұрболұлы қатысты.
Шара барысында лицей оқушылары ғалымдарға ғылымға қатысты өз сұрақтарын қойып, құнды мәліметтер алды. Кездесу білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырды.
Осындай мазмұнды әрі тағылымды кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
