22
декабрь
2025
Оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығы бойынша мониторинг
Оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындығын жүйелі бақылау мақсатында жекелеген пәндер бойынша І жарты жылдық қорытындысы негізінде мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде білім алушылардың пәндер бойынша үлгерім деңгейі, оқу жетістіктерінің динамикасы және қиындық тудыратын тақырыптар айқындалды. Аталған нәтижелер бойынша пән мұғалімдерімен кері байланыс ұйымдастырылып, білім сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен түзету жұмыстары қарастырылды. Алдағы кезеңде анықталған әлсіз тұстарды жою мақсатында қосымша сабақтар, жеке жұмыстар және мақсатты дайындық шараларын жүргізу жоспарлануда.
