20
февраль
2025
Лицей асханасындағы құс етін қамтитын өнімдердің сапасын тексеру бойынша мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау

Ақпан айының 17-күні № 178 мамандандырылған лицей асханасындағы құс етін қамтитын өнімдердің сапасын тексеру бойынша мониторинг жүргізу комиссиясы тексеріс жүргізді. Лицейде оқушылыарға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне, санитарлық талаптарға сай келетініне көз жеткізді. Құс етін қамтитын тағамдардың сыртқы түрі, иісі, түсі және консистенциясы нормаларға сәйкестігі бойынша тексерілді. Тамақ өнімдерінің сақтау шарттары мен жарамдылық мерзімдері қадағаланды. Асханада санитарлық талаптар сақталуда, пайдаланылатын өнімдер қауіпсіз. Мониторинг жалғасады.