09
декабрь
2025
Қар көшкінінің алдын алу туралы түсіндірме жұмысы
Бүгін лицейде оқушыларға қар көшкіні қаупі, оның себептері және одан қорғану тәсілдері бойынша арнайы түсіндірме сабақ өткізілді. Онлайн форматта өткен кездесуде мамандар таулы аймақтардағы қауіпсіздік ережелерін, табиғи құбылыстардың ерекшеліктерін және төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндірді.
Оқушылар қар көшкінінің негізгі себептерімен, ауа райының өзгеруінің әсерімен, жер сілкінісі сияқты табиғи факторлар және адам әрекеті салдарынан болуы мүмкін қауіптермен танысты. Сонымен бірге, көшкін қаупі төнген жағдайда қалай сақтану керектігі жөнінде пайдалы ақпарат алды.
