Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Абайды оқы, таңырқа” танымдық сабағы
29
октябрь
2025
“Абайды оқы, таңырқа” танымдық сабағы
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ауелбекова Айман Айтжановна 9 “Е” сыныбының оқушыларымен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейінде “Абайды оқы, таңырқа” атты танымдық сабақ өткізді. Іс-шара барысында оқушылар ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына терең үңіліп, Абайдың даналық сөздері мен өлеңдерінен тәлім алды. Бұл сабақ жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, рухани
«Дарынды балалармен жұмыстың инновациялық формалары» — тәжірибе мен жаңашылдық тоғысы
29
октябрь
2025
«Дарынды балалармен жұмыстың инновациялық формалары» — тәжірибе мен
Бүгін Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейінде шетелдік тағылымдама аясында қалалық семинар өтті. Мақсат — дарынды балалармен жұмысты жаңа деңгейге көтеру, халықаралық тәжірибе мен инновацияны біріктіру. І бөлімде лицей директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, “Ы.Алтынсарин” төсбелгісі мен “Құрмет” орденінің иегері Шадиев Қайратбек Хамзаханович, педагог-кәсіби бағдар беруші Тлеужан Әбілқайыр Егізбайұлы, және психолог, шетелдік тағылымдамашы Агажанова Жанна Алтынбековна өз
Педагогикалық кеңес №3: Инновациялық оқыту әдістері
28
октябрь
2025
Педагогикалық кеңес №3: Инновациялық оқыту әдістері
2025 жылдың 28 қазанында «Инновациялық әдістер: STEM, зертханалық жұмыс, жобалық оқыту» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық өзара әрекет пен тәрбие жұмысында тиімді қарым-қатынас пен оқушылардың тұлғалық дамуын қамтамасыз ету үшін заманауи оқыту технологияларын енгізу және қолдану мақсатында өткізілген кеңес барысында қатысушыларға STEM, зертханалық және жобалық оқыту әдістерінің тиімділігі мен практикалық қолдану жолдары таныстырылды, педагогтердің кәсіби дамуы мен инновациялық
Президенттік олимпиада – 2025
28
октябрь
2025
Президенттік олимпиада – 2025
№178 мамандандырылған лицейден қалалық президенттік олимпиадаға 5 оқушы қатысып, оның 4-еуі жүлделі орындарды иеленді. Жұмабек Қажыкелді, Мукаметканов Мансур, Бақытжанқызы Адия – 2 орын, Ахмет Жасия – 3 орын иеленді.
«Үздік педагог – 2025» байқауы
24
октябрь
2025
«Үздік педагог – 2025» байқауы
Бүгін біздің лицейдің мақтанышы, математика пәнінің ұлағатты ұстазы Бектасова Алмагүл Ибраимқызы республикалық «Үздік педагог – 2025» байқауының жеңімпазы атанды!  Жеңімпаздарға марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Республика күні қарсаңында салтанатты түрде табыстады. Біздің ұстазымыздың осы үлкен жетістігі – лицей ұжымының, шәкірттер мен әріптестердің ортақ қуанышы!
Ұстаз еңбегіне – жоғары құрмет!
24
октябрь
2025
Ұстаз еңбегіне – жоғары құрмет!
Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен, Алматы қаласы әкімінің қолдауымен №178 мамандандырылған лицейдің физика пәні мұғалімі, «Ы. Алтынсарин» және «Үздік педагог – 2021» төсбелгілерінің иегері Слямгалиева Гүлнәр Нәбиқызы мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталды!  Бұл марапат – ұстазымыздың көпжылдық еңбегі мен білім беру ісіне қосқан зор үлесінің, шәкірт тәрбиесіндегі табандылығы мен кәсіби шеберлігінің лайықты бағалануы.
"Алтын белгіге" үміткерлердің білім сапасын бағалау
23
октябрь
2025
"Алтын белгіге" үміткерлердің білім сапасын бағалау
2025 жылдың 23 қазанында "Алтын белгіге" үміткер оқушылардан қорытынды аттестаттауға дайындық деңгейін анықтау мақсатында математика пәнінен бақылау жұмыстары алынды. Бақылау жұмысына барлық үміткерлер белсене қатысып, өз білімдерін көрсетуге тырысты. Нәтижелер оқушылардың оқу жетістіктерін саралауға және алдағы емтиханға дайындықтарын жетілдіруге мүмкіндік берді.
«Ayaly Alaqan – VIII» Республикалық қайырымдылық турнирі
23
октябрь
2025
«Ayaly Alaqan – VIII» Республикалық қайырымдылық турнирі
Satbayev University «Technokrat» Интеллектуалды Пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен өткен «Ayaly Alaqan – VIII» Республикалық қайырымдылық турнирінде Зақанов Нұрдәулет "Ең үздік спикер" номинациясымен марапатталды. Бұл – Нұрдәулеттің шешендік шеберлігі мен ой ұшқырлығының дәлелі. Жетістігің құтты болсын, жаңа белестерге жол ашсын!  
Кітап – рухани қазына, кітапханашы – оның шырақшысы
22
октябрь
2025
Кітап – рухани қазына, кітапханашы – оның шырақшысы
Кітапханашылар күніне орай «Балалар кітапханасы» жобасы аясында лицейде «Кітапханаға кітап сыйла» атты акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – жас ұрпақты кітап оқуға баулу, кітапхана қорын толықтыру, сонымен қатар кітапханашы мамандығының қоғамдағы маңызын насихаттау болды. Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар өздерінің сүйікті көркем әдебиеттерін, балаларға арналған танымдық кітаптарды тарту етіп, білім ордасының рухани қорына үлес қосты. Бұл бастама – тек кітап қорын байыту ғана емес,
"Жаңа мектеп – жаңа достар!" психологиялық тренинг
17
октябрь
2025
"Жаңа мектеп – жаңа достар!" психологиялық тренинг
5-сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында оқушылармен психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар өзара қарым-қатынас орнатып, бір-біріне сенім білдіруге бағытталған жаттығулар орындады. Тренинг оқушылардың жаңа ортаға тез бейімделуіне, достық байланыс орнатуына және жағымды эмоционалды ахуал қалыптастыруына ықпал етті.