Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Меморандум аясындағы тәжірибелік сабақтар
23
апрель
2026
Меморандум аясындағы тәжірибелік сабақтар
Лицейде жүзеге асырылып жатқан «Мен – практик!» жобасы аясында теория мен тәжірибені ұштастыруға ерекше мән берілуде. Осы мақсатта мамандандырылған лицей мен Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі арасында жасалған меморандум негізінде колледж мамандары 9-сынып оқушыларымен кездесіп, практикалық сабақтар өткізді. Сабақ барысында оқушылар энергетика саласының қыр-сырын меңгеріп, өз қолдарымен тәжірибе жасап, алғашқы кәсіби дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік алды.
Лицей мақтанышы: “Әбіш оқуларында” жүлделі орындар
22
апрель
2026
Лицей мақтанышы: “Әбіш оқуларында” жүлделі орындар
22.04.2026 жылы Республикалық “Әбіш оқулары” байқауының аудандық кезеңіне әртүрлі бағытына лицейіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. “Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша  зерделеу жоба байқауы” бағыты бойыншы 10-сынып оқушысы Әбдіманап Нұрай І дәрежелі дипломмен марапатталып, қалалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Сатбаева Р.С. “Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу” бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Ихсан Алуа ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Жетекшісі:
Білім алушылардың оқу жетістіктерін анықтау кезеңі
20
апрель
2026
Білім алушылардың оқу жетістіктерін анықтау кезеңі
2026 жылдың 20 сәуірінен бастап 5–11-сыныптар арасында директорлық бақылау жұмыстары математика, жаратылыстану және физика пәндері бойынша емтихан форматында алынуда. Аталған бақылау жұмыстары білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын бағалау мақсатында жүргізіледі. Бұл шара оқушылардың жауапкершілігін арттырып, қорытынды бағалауға дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.
«Астанадағы халықаралық додада лицей абыройы асқақтады»
17
апрель
2026
«Астанадағы халықаралық додада лицей абыройы асқақтады»
Астана қаласында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХАЛЫҚАРАЛЫҚ конкурсында №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушылары Жұмабек Қажыкелді мен Аманжол Ералы механика секциясы бойынша 3-орын, ҚОЛА МЕДАЛЬ иегері атанды!
Білім мен еңбектің жемісі: олимпиада жеңімпаздары марапатталды
16
апрель
2026
Білім мен еңбектің жемісі: олимпиада жеңімпаздары марапатталды
9-13 сәуір аралығында Тараз және Шымкент қалаларында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең мықты білімпаздар бақ сынасқан бұл додада біздің лицейіміздің абыройын 11-сынып оқушысы Серікқазы Аяжан мен Талғат Тұнық көтерді. Талғат Тұнық Алматы қаласы бойынша Қазақстан тарихынан 1-орын,  Аяжан орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 1-орын алып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Аяжан өзінің терең білімі
OPENSCHOOL: Табысты тәжірибелерге экскурсия
15
апрель
2026
OPENSCHOOL: Табысты тәжірибелерге экскурсия
2026 жылғы 15 сәуірде Алматы қаласындағы №178 мамандандырылған лицей базасында Алматы қаласы Білім басқармасы Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының бірлесуімен мектептердің жас басшылары мен кадрлық резерв мамандарына арналған семинар-практикум ұйымдастырылды. Іс-шара барысында инновациялық басқару модельдерін таныстыру, цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесімен алмасу және қатысушылардың кәсіби құзыреттерін дамыту бағыттары кеңінен қамтылды. Семинардың
Жас дарынның биігі: республикалық олимпиададағы жетістік
15
апрель
2026
Жас дарынның биігі: республикалық олимпиададағы жетістік
9-13 сәуір аралығында Шымкент қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең мықты білімпаздар бақ сынасқан бұл додада біздің лицейіміздің абыройын 11-сынып оқушысы Серікқазы Аяжан асқақтатты. Аяжан орыс тілі мен әдебиеті пәнінен өзінің терең білімі мен шығармашылық қабілетін көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде, республикалық деңгейдегі озық білімі үшін Қазақстан
Қуанышты жаңалық!
10
апрель
2026
Қуанышты жаңалық!
Алматы қаласы Білім басқармасының жетекшілігімен және Каспий университетінің қолдауымен өткен республикалық "Ең үздік профориентолог" байқауында лицейіміздің кәсіби бағдар беру маманы Тілеужан Әбілқайыр Егізбайұлы "Ең үздік кәсіби бағдар беру көшбасшысы" атағын жеңіп алды! Бұл – қажырлы еңбек пен жоғары кәсібиліктің, өз ісіне деген шынайы сүйіспеншіліктің айқын дәлелі! Оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, олардың болашағына жол ашудағы еңбегіңіз зор! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа
Дарынды жастарға арналған қалалық таланттар саммиті
10
апрель
2026
Дарынды жастарға арналған қалалық таланттар саммиті
9–10 сәуір күндері Алматы қаласында дарынды жастарға арналған қалалық таланттар саммиті өтті.  Іс-шараның ұйымдастырушысы — «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы. Саммитке Алматы қаласының ғылыми жоба байқауларының қалалық және республикалық кезеңдерінің жүлдегерлері болып табылатын талантты оқушылар қатысты. Аталған іс-шарада №178 мамандандырылған лицейдің  8-сынып оқушылары Ногайбекова Каусар мен Жанатқызы Күнім биология пәні бойынша «Алматы
Кәсіби шеберлік шыңы – жарқын жеңіс!
09
апрель
2026
Кәсіби шеберлік шыңы – жарқын жеңіс!
2025–2026 оқу жылына арналған жоспар аясында Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының басшылығымен Алатау аудандық Білім бөлімі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері арасында  «Мен – кәсіби маман» ( «Я–прфессионал») аудандық олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың басты мақсаты – дарынды, ізденімпаз мұғалімдерді анықтап, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, педагог мәртебесін көтеру. Байқаудың аудандық кезеңіне қатысқан орыс тілі мен әдебиеті пәнінің