Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жеңіс шыңына бастар жарқын қадам!
27
май
2026
Жеңіс шыңына бастар жарқын қадам!
Алматы қаласында өткен «GLADIATOR TOURNAMENT KIDS» халықаралық ашық турнирінде жоғары шеберлік пен үздік спорттық дайындық танытып, І орын иеленгені үшін №178 мамандандырылған лицейінің 5 «Ә» сынып оқушысы Асқар Алинур марапатталды. Алинур турнир жеңімпазы атанып қана қоймай, ерекше жетістігінің нәтижесінде Түркия еліне 7 күндік демалыс сертификатын иеленді. Бұл — табандылық пен тынымсыз еңбектің, спортқа деген сүйіспеншілік пен жеңіске деген жігердің жарқын көрінісі. Жас спортшымыздың
«Қазақ тілі» пәні бойынша аралық емтихан өткізілуде
26
май
2026
«Қазақ тілі» пәні бойынша аралық емтихан өткізілуде
Лицейімізде негізгі орта білім беру деңгейіндегі 5–8-сынып және жалпы орта білім беру деңгейіндегі 10-сынып оқушылары арасында «Қазақ тілі» пәні бойынша емтихан оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін бағалау мақсатында өткізілуде. Емтихан білім алушылардың тілдік сауаттылығын, жазбаша жұмыс орындау дағдыларын және пән бойынша игерген білім деңгейін анықтауға бағытталған. Бақылау жұмыстары бекітілген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, жазбаша нысанда жүргізілуде. Аталған емтихан нәтижелері
2025–2026 оқу жылындағы аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру
22
май
2026
2025–2026 оқу жылындағы аралық және мемлекеттік қорытынды
2026 жылдың 22 мамырында лицейде «2025–2026 оқу жылындағы аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес барысында аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі, емтихан кестесі, білім алушылардың дайындық деңгейі және құжаттарды рәсімдеу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, оқушылардың білім сапасын арттыру, емтихан үдерісін талапқа сай ұйымдастыру бағытында жауапты мұғалімдерге нақты міндеттер жүктелді. Жиын
Білім мен біліктің биік белесі!
21
май
2026
Білім мен біліктің биік белесі!
Қазақстан математика қауымдастығының төрағасы Асқар Жұмаділдаев ұйымдастырған жас физика пәні мұғалімдері арасындағы республикалық шығармашылық конкурс (олимпиада) қорытындысы бойынша жас мамандарымыз керемет нәтиже көрсетті!              Әкбар Нұржау — ІІ орын иегері Нұрсал Дәлел — ІІІ орын иегері Жас ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерді бағындырып, шәкірт тәрбиелеу жолында толағай табыстар тілейміз!
Жас физик-ұстаздардың жеңісті қадамы
15
май
2026
Жас физик-ұстаздардың жеңісті қадамы
Құттықтаймыз!  Тілеубай Сәния Өскенбайқызы атындағы физика пәні мұғалімдеріне арналған олимпиаданың қалалық кезеңінде жас мамандарымыз жоғары нәтиже көрсетті. Әкбар Нұржау — ІІ орын иегері Нұрсал Дәлел — ІІІ орын иегері Әріптестеріміздің еңбегі мен ізденісіне толағай табыс тілейміз! Алар асуларыңыз биік, жетістіктеріңіз мол болсын
Лицей мақтанышы – республикалық байқаудың І орын иегерлері!
14
май
2026
Лицей мақтанышы – республикалық байқаудың І орын иегерлері!
Щучинск қаласында өткен “Менің Қазақстаным: өткені, бүгіні, болашағы” атты ғылыми-тарихи жобалар республикалық байқауында №178 мамандандырылған лицей оқушылары жүлделі I орын иеленді: Сейтжан Ажар мен Кәдірбек Назерке. Сонымен қатар, жеңімпаздарға “Балдәурен” демалыс орнына жолдама табысталды. Оқушыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтай отырып, ғылым мен білім жолында биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз! Жетекші ұстаздарға кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегі үшін алғыс білдіреміз.
Сапалы білім – ортақ мақсат
13
май
2026
Сапалы білім – ортақ мақсат
Құрметті ата-аналар! Сіздерді №178 мамандандырылған лицейде өтетін АШЫҚ ЕСІК күніне шақырамыз! Ашық есік күні — білім беру үдерісін жақыннан көруге арналған ерекше мүмкіндік. Іс-шара барысында сіздер оқушылардың жетістіктерімен танысып, мұғалімдермен еркін сұхбат құра аласыздар. Сонымен қатар, бала тәрбиесі мен сапалы білім берудегі ата-ана, оқушы және лицей арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы талқыланады. Әкімшілік
Патриот ұрпақ – жарқын болашақ!
12
май
2026
Патриот ұрпақ – жарқын болашақ!
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай оқушылар арасында әскери-патриоттық бағыттағы жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух қалыптастыру, әскери тәртіп пен салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс барысында қатысушылар түрлі сайыстар бойынша өзара бақ сынап, белсенділік пен ұйымшылдықтарын көрсетті. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.
Жас мамандар — білімнің жарқын болашағы!
08
май
2026
Жас мамандар — білімнің жарқын болашағы!
Алматы қаласында жас педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдауға арналған дәстүрлі «Almaty Ustazy» қалалық байқауының ІІ кезеңі №178 мамандандырылған лицей үшін табысты аяқталды! Жас мамандар бұл кезеңде: заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, цифрлық ресурстарды шебер пайдаланып,шығармашылық пен кәсіби біліктіліктің жоғары деңгейін көрсетті. Іріктеу нәтижесінде 71 жас педагог ІІ кезеңге қатысып, ашық сабақтар арқылы өз тәжірибелерімен бөлісті. Осы байқауға лицейімізден қатысқан төрт жас
Әділдік пен адалдықтың жеңісі!
05
май
2026
Әділдік пен адалдықтың жеңісі!
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық ғылыми-әдістемелік жаңа технологиялар орталығы ұйымдастырған «Менің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қосқан үлесім» («Мой вклад в борьбу с коррупцией») атты қалалық эссе байқауында лицейіміздің білікті орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жоғары нәтиже көрсетті! І орын — Ноғайбаева Жанат Ескермесовна! Терең ой, айқын азаматтық ұстаным және шығармашылық көзқарас — бұл жеңістің басты кілті! Жанат Ескермесовна, Сіздің кәсібилігіңіз бен еңбегіңіз –