Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!
26
март
2026
ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!
2026 жылдың 21–25 наурыз аралығында Астана қаласында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология және физика пәндері бойынша республикалық олимпиадада Алматы қаласының намысын қорғаған лицейіміздің 9-сынып оқушысы Құсайынғазы Абзал жоғары нәтиже көрсетті! Физика пәні бойынша III орын — қола медаль иегері! Абзалдың бұл жетістігі — табандылықтың, білімге деген құштарлықтың және ұстаздар еңбегінің жемісі. Осындай биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!
«Білім берудегі заманауи зерттеулер: теория, практика, нәтижелер»
26
март
2026
«Білім берудегі заманауи зерттеулер: теория, практика, нәтижелер»
 2026 жылғы 26 наурыз күні лицей директоры Шадиев Кайратбек Хамхзахановичтің басшылығымен  білім беру үдерісіндегі заманауи тәсілдерді талқылауға, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және тәжірибе алмасуға бағытталған №4 Әдістемелік кеңес өткізілді.  Кеңес жұмысына педагогтер белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.  Күн тәртібінде: Кеңес барысында №3 Әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалу барысы туралы оқу ісі жөніндегі орынбасар Жакыпбекова Назира Алмаханқызы  мен жауапты
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!
20
март
2026
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!
№178 мамандандырылған лицейдің биология пәні мұғалімі, педагог-шебер Айдарова Айдана Берікқызы ҚР ОАМ «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды! Айдарова А.Б. – «Digital Ustaz Almaty – 2021», «Алматы Ұстазы – 2024» конкурсының жеңімпазы, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама», «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының І дәрежелі диплом иегері. Авторлық бағдарламалар мен оқу құралдарының авторы, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы ретінде кәсіби шеберлігін дәлелдеді.
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінен орын алған жеңімпаздар!
13
март
2026
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінен орын алған
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен таланты жастарды анықтау және қолдау орталығы Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінен орын алған жеңімпаздар! Құтты болсын! І орын - 2 оқушы:  Жұмабек Қажыкелді, Аманжол Ералы ІІ орын - 8 оқушы: Ногайбекова Каусар, Жанатқызы Күнім, Есболат Еңлік, Дүйсенбай Әдия, Олжасұлы Искандер, Серік Асия, Наурызбек Алихан, Амирбай Иманғали ІІІ орын - 5
"Жас сарбаз" патриоттық қозғалысының мектепаралық жас тәрбиеленушілерінің арасында әскери-патриоттық ойындар өтті
12
март
2026
"Жас сарбаз" патриоттық қозғалысының мектепаралық жас
     Алматы облысы Іле ауданында орналасқан 55065 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Жас сарбаз" патриоттық қозғалысының мектепаралық жас тәрбиеленушілерінің арасында өткен әскери-патриоттық ойындарға №178 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушылары қатысып, сұрақ-жауап кезеңінде "БІЛІМПАЗ" номинациясын, футболдан "ЧЕМПИОН" номинациясын, арқан тарту жарысында 1-орын иеленгені үшін әскери бөлім командирінің МУА подполковнигі Д.Узбековтың грамотасымен марапатталды. Елінің қорғаны, әрдайым
"Менің Отаным – Қазақстан" атты туристік-экспедициялық жасақтардың слёті
11
март
2026
"Менің Отаным – Қазақстан" атты туристік-экспедициялық жасақтардың
Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен "Менің Отаным – Қазақстан" атты туристік-экспедициялық жасақтардың слётіне қатысып, 3 орын иеленгені үшін №178 мамандандырылған лицейдің 5 "Ә" сынып оқушысы Нүсіпов Мансұр дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, 5 "Ә" сынып оқушысы Жахат Жандос белсенді қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Құттықтаймыз!
ҰБТ нәтижелерін талдау және білім сапасын арттыру жолдары
06
март
2026
ҰБТ нәтижелерін талдау және білім сапасын арттыру жолдары
2026 жылғы 6 наурыз күні 11-сынып пән мұғалімдері қыркүйек–қаңтар айларындағы ҰБТ нәтижелері бойынша есеп берді. Есеп барысында білім алушылардың білім сапасы, пәндер бойынша көрсеткіштері және алдағы кезеңге қойылған міндеттер талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша оқу жетістіктерін арттыру бағытында нақты ұсыныстар беріліп, тиісті жұмыстарды жалғастыру міндеттелді.
10-сыныптар арасында интеллектуалды БАТЛ өтті!
05
март
2026
10-сыныптар арасында интеллектуалды БАТЛ өтті!
Жаратылыстану кафедрасының Онкүндік іс-шарасы аясында биология, химия пәнінің мұғалімдері: Б.А. Бастерова, М.Т. Алипова, Н.Бақытжанның ұйымдастыруымен 10-сыныптар арасында интеллектуалды БАТЛ өтті! Ғылым алаңында екі алып кездесті: Молекула – химияның жүрегі Жасуша – тіршіліктің негізі Бұл жай ғана сайыс емес, Бұл – Химия мен Биология пәндерінің тоғысқан сәті! Мақсаты: Оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту, пәнаралық байланысты нығайту және білімдерін шығармашылық форматта көрсету.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы
03
март
2026
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы
Алматы қаласы Білім басқармасы Республикалық "Мәшһүр Жүсіп" оқулары байқауының аудандық кезеңінің "Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Сағынбай Әдемі II- дәрежелі, Нариман Назерке III-дәрежелі, 10-сынып оқушысы Ерсінқызы Аймерей III-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі іске қосылды.
02
март
2026
Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі іске қосылды.
2026 жылдың 2-наурызда сағат 10:00-де «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні шеңберінде азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне Республикалық тексеруді дайындау және жүргізу бойынша ұйымдастыру нұсқаулығына» сәйкес, азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыруды, сондай-ақ құлақтандыру жабдықтары мен құралдарының жұмыс қабілеттілігін тексеру мақсатында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі іске қосылды. Осыған орай, №178 мамандандырылған