17
октябрь
2025
"Жаңа мектеп – жаңа достар!" психологиялық тренинг
5-сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында оқушылармен психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар өзара қарым-қатынас орнатып, бір-біріне сенім білдіруге бағытталған жаттығулар орындады. Тренинг оқушылардың жаңа ортаға тез бейімделуіне, достық байланыс орнатуына және жағымды эмоционалды ахуал қалыптастыруына ықпал етті.
