23
октябрь
2025
«Ayaly Alaqan – VIII» Республикалық қайырымдылық турнирі
Satbayev University «Technokrat» Интеллектуалды Пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен өткен «Ayaly Alaqan – VIII» Республикалық қайырымдылық турнирінде Зақанов Нұрдәулет "Ең үздік спикер" номинациясымен марапатталды. Бұл – Нұрдәулеттің шешендік шеберлігі мен ой ұшқырлығының дәлелі. Жетістігің құтты болсын, жаңа белестерге жол ашсын! 
