29
октябрь
2025
“Абайды оқы, таңырқа” танымдық сабағы
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ауелбекова Айман Айтжановна 9 “Е” сыныбының оқушыларымен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейінде “Абайды оқы, таңырқа” атты танымдық сабақ өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына терең үңіліп, Абайдың даналық сөздері мен өлеңдерінен тәлім алды. Бұл сабақ жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, рухани кемелденуге және адамгершілікке баулуға бағытталды.
