Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Білім көрмесі - дарынды оқушылардың шығармашылық орталығы
14
январь
2026
Білім көрмесі - дарынды оқушылардың шығармашылық орталығы
Лицейдің олимпиадалық резервінде білім алып жүрген дарынды да талапты оқушыларымыз Республикалық физика-математика мектебінде өткен «Білім» көрмесіне белсене қатысты. Көрме барысында оқушылар білім беру саласындағы заманауи бағыттармен, жетекші оқу орындарының мүмкіндіктерімен, түрлі білім беру бағдарламалары мен инновациялық жобалар туралы маңызды әрі пайдалы ақпараттармен танысты. Сонымен қатар, білім бәсекесінде жетістікке жету жолдары, болашақ мамандықты дұрыс таңдау, ғылыми-зерттеу
Лицейіміздің қос мақтанышы!
14
январь
2026
Лицейіміздің қос мақтанышы!
Білімге деген құштарлық, табандылық пен тынымсыз еңбектің нәтижесі өз жемісін берді. №178 мамандандырылған лицейдің 11 «Е» сынып оқушылары — Аманжол Ералы мен Жұмабек Қажыкелді Алматы қаласы әкімінің Алғыс хатымен және 300 000 теңгелік сертификаттармен марапатталды! Бұл – тек жеке жетістік қана емес, бүкіл лицей ұжымы мен ұстаздардың, ата-аналардың ортақ жеңісі. Осындай биік белестерді бағындырған шәкірттеріміз — еліміздің жарқын болашағының айқын көрінісі.  Алға, жас таланттар! Жаңа жеңістер
Қазақтың абыз ақсақалына құрмет!
13
январь
2026
Қазақтың абыз ақсақалына құрмет!
Бүгін, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, қазақтың аңыз да, абыз ақсақалы - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай арнайы саяхат-сабағы жобасы ұйымдастырылды. Лицейіміздің оқушылары және түлегі қаламызда орналасқан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев мұражайына барып, экскурсия жасады.  Мұражайда Дінмұхамед Қонаев жайында маңызды ақпараттар беріліп, оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Хабарландыру!
12
январь
2026
Хабарландыру!
Құрметті ата-аналар! Сіздерді «Жаңа ұрпақ және отбасы тәрбиесі: жаңа талаптар, жаңа көзқарас» атты жалпы ата-аналар жиналысына шақырамыз! Өтетін күні: 16.01.2026 жыл Уақыты: 18:30 Өтетін орны: мәжіліс  залы Бала болашағы – біздің ортақ жауапкершілігіміз!
«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсынының қалалық кезеңінде лицей оқушылары топ жарды
12
январь
2026
«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсынының қалалық
2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңіне №178 мамандандырылған лицейден 13 жұмыс қатысып, оның 12-і жүлделі орындарға ие болды. Зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару мақсатында оқушыларымыз жоғары деңгейде қорғай білді. Жеңіс
ЖЕҢІМПАЗДАР - МАҚТАНЫШЫМЫЗ!
09
январь
2026
ЖЕҢІМПАЗДАР - МАҚТАНЫШЫМЫЗ!
2026 жыл 6-8 қаңтар күні Алматы қаласында өтілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне "№178 мамандандырылған лицей" КММ-нен 48 оқушы қатысып, 20 оқушымыз жеңіске жетті. Жарайсыңдар, жас дарындар! Пән олимпиадасы – оқушылардың білім-білік дағдыларын, ізденімпаздығы мен ыждаһаттылығын, ғылымға құштарлығын саралайтын үлкен білім додасы. Осындай аламанда өздерінің білімін дәлелдеп, жеңіске жеткен дарабоз шәкірттерімізді, оларға жетекшілік жасаған ұлағатты
Жетістігім Қазақстаныма арналады!
08
январь
2026
Жетістігім Қазақстаныма арналады!
Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында өткен «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты қалалық эссе байқауында лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исабаева Балмира Таупықовна  жүлделі ІІ орынға ие болып, байқау жеңімпазы атанды. Бұл жетістік – ұстаздың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің, сондай-ақ жас ұрпаққа
Қалалық туристік-өлкетану жарысындағы жеңіс!
06
январь
2026
Қалалық туристік-өлкетану жарысындағы жеңіс!
Алматы қаласы Білім басқармасы Оқушылар сарайының «Туристік–өлкетану» бөлімінің ұйымдастыруымен өткен 5–8 сынып оқушылары арасындағы қалалық туристік жарысқа қатысып, III орын иеленгені үшін 5 «Ә» сынып оқушыларынан құралған команда грамотамен марапатталды.
«Спорт - денсаулық кепілі» турнирі
05
январь
2026
«Спорт - денсаулық кепілі» турнирі
Лицейімізде 6-сынып оқушылары арасында волейболдан «Спорт - денсаулық кепілі» тақырыбында "Директор кубогы - ІІ" дәстүрлі турнирі өткізілді. Өзара тартысты бәсекеде 6 «А» сыныбы чемпион атанса, 6 «В» сыныбы ІІ, 6 «А» сыныбы ІІІ  орын иегері атанды. Сондай-ақ   үздік ойын өрнегін көрсеткен оқушыларға арнайы номинациялармен марапатталды.
Жұқа мұз – қауіпті!
31
декабрь
2025
Жұқа мұз – қауіпті!
Қысқы демалыс қарсаңында лицейде оқушылармен қауіпсіздік шаралары бойынша алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты – балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпті жағдайлардың алдын алу. Мұз үстіндегі ойындардың қауіптілігі, жолда жүру ережелері мен оттан, электрден сақтану туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар, ата-аналар чатына жұқа мұздың өмірге қауіп төндіретіні жайлы ақпараттар жолданды.