Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
январь
2026

Жетістігім Қазақстаныма арналады!

Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында өткен «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты қалалық эссе байқауында лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исабаева Балмира Таупықовна  жүлделі ІІ орынға ие болып, байқау жеңімпазы атанды.
Бұл жетістік – ұстаздың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің, сондай-ақ жас ұрпаққа отансүйгіштік рухта білім берудегі еңбегінің айқын көрінісі.                                                                                                         

 Балмира Таупықовнаға алдағы уақытта жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: