15 наурыз – қайырымдылық жасау күні. Наурызнама онкүндігінің бұл күні қайырымдылықты насихаттауға арналады. Қазақ халқында қайырымдылық қашанда қасиетті ұғым саналған. Осы орайда, лицей оқушылары осындай игі істерге атсалысып бірнеше отбасына азық-түлік себетін таратты.