Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
9-сынып оқушыларының бітіру кеші өтті.
13
июнь
2025
9-сынып оқушыларының бітіру кеші өтті.
13.06.2025 жылы лицейімізде 9-сынып оқушыларының бітіру кеші өтті. Оқушыларға негізгі орта білім туралы аттестат табысталды. Артта – білімге толы жылдар, алда – жаңа мүмкіндіктер, жаңа қадам мен асқақ арман. Түлектерге алдағы жолдарында сәттілік, табыс және сенімді қадамдар тілейміз!
8 "Ә" сынып оқушысы Айдархан Нұрали "PFL JUNIOR-2025" футболдан көктемгі чемпионатқа қатысты
12
июнь
2025
8 "Ә" сынып оқушысы Айдархан Нұрали "PFL JUNIOR-2025" футболдан
8 "Ә" сынып оқушысы Айдархан Нұрали "PFL JUNIOR-2025" футболдан көктемгі чемпионатқа қатысып, "Турнирдің үздік қақпашысы" номинациясын жеңіп алды. Жас спортшыларымыздың жеңістері - баршамыз үшін үлкен мақтаныш!  
5-сынып оқушылары "PFL JUNIOR - 2025" көктемгі чемпионатына қатысты
11
июнь
2025
5-сынып оқушылары "PFL JUNIOR - 2025" көктемгі чемпионатына қатысты
Лицейіміздің 5 "А" сынып оқушылары Кайрат Фараби, Әділбек Әділет, Бауыржан Адияр "PFL JUNIOR - 2025" көктемгі чемпионатына қатысып, 3-орын иеленді.
Алматыда «BALA FEST. JARYQ SKILL FEST» фестивалі өтті.
10
июнь
2025
Алматыда «BALA FEST. JARYQ SKILL FEST» фестивалі өтті.
Алматыда «BALA FEST. JARYQ SKILL FEST» фестивалі өтті. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткен «BALAFEST. JARYQ SKILL FEST» атты фестивальге лицейіміздің "Алматы БАЛА FEST-2025" қалалық бауқауының жеңімпаздары қатысып, жақсы көңіл күймен қайтты. #BalaFest #Алматы
Лицей оқушылары оқулықтарын кітапханаға қайтарды
09
июнь
2025
Лицей оқушылары оқулықтарын кітапханаға қайтарды
2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай N178 мамандандырылған лицейдің оқушылары оқулықтарын кітапханаға қайтарды. Мамыр айының соңында өткізілген кітаптарды тапсыру науқаны жоғары деңгейде өтті. Лицей кітапханашылары тарапынан кітаптардың жай-күйі тексерілді. Мұндай шаралар оқушылардың жауапкершілігін арттырып, кітапқа деген құрметке тәрбиелейді. Ұқыпты ұрпақ - ұлағатты ұлт кепілі!
11-сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен қорытынды аттестаттау тапсырды
06
июнь
2025
11-сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен қорытынды аттестаттау тапсырды
2025 жылдың 09 маусымында жалпы орта білім беру курсы бойынша лицейдің 11-сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен қорытынды аттестаттау тапсырды. Аттестаттау эссе жазу формасында өткізілді. Бұл арқылы оқушылардың мәтін құрастыру, тақырыпты ашу, өз ойын сауатты әрі логикалық жеткізу, тілдік нормаларды сақтау және көркем тілдік құралдарды қолдану дағдылары бағаланды. Аттестаттау нәтижесінде оқушылар қазақ тілі пәні бойынша меңгерген білімдерін тиімді қолданып, жазбаша тілдік құзыреттіліктерін көрсете
9-сынып оқушылары геометрия, физика пәндерінен қорытынды аттестаттау тапсырды.
05
июнь
2025
9-сынып оқушылары геометрия, физика пәндерінен қорытынды аттестаттау
2025 жылдың 05 маусымында негізгі орта білім беру курсы бойынша лицейдің 9-сынып оқушылары геометрия, физика пәндерінен қорытынды аттестаттау тапсырды. Аттестаттау жазбаша түрде өткізілді және оқушылардың теориялық білімін практикада қолдану, логикалық ойлау, формулаларды тиімді пайдалану, есеп шығару дағдылары бағаланды. Нәтижесінде оқушылар жаратылыстану-математикалық бағыттағы білімдерін дәлелдеп, пәндік құзыреттіліктерін көрсете білді.
Біздің бестеріміз белсенді, білімде де – үздік!
04
июнь
2025
Біздің бестеріміз белсенді, білімде де – үздік!
Біздің бестеріміз белсенді, білімде де – үздік! 5-6-сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада лицей мақтанышы Ришат Ерсайын математика пәнінен жүлделі II орынға ие болды. Зерделі білім, тұрақты еңбек, мұғалім мен оқушының ортақ жеңісі! Пән мұғалімі: Нурбекова А. Ерсайынды шын жүректен құттықтаймыз! Болашақта бұдан да биік белестерді бағындыра бер!
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
04
июнь
2025
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Біздің Мемлекетіміздің рәміздері 1992 жылдың 4 маусымында ресми түрде қабылданып, биыл 33 жыл толып отыр. Қазақстанның әрбір азаматы туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Онда қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрі айқын көрініс береді. Осы орайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнінде №178 мамандандырылған лицей әкімшілігі мен ұстаздары, оқушылары мемлекеттік
Қызығушылық × Табандылық + Ұстаздың қолдауы = Абзалдың Жеңісі!
03
июнь
2025
Қызығушылық × Табандылық + Ұстаздың қолдауы = Абзалдың Жеңісі!
Формула емес, феномен! Қызығушылық × Табандылық + Ұстаздың қолдауы = Абзалдың Жеңісі! Ғылымның сырына үңілген Құсайынғазы Абзал Республикалық деңгейде өткен 7-8-сынып оқушылары арасындағы олимпиадада физика пәні бойынша III дәрежелі дипломмен марапатталды! Жетекшісі: Дәулет Жұмагүл Жас ғалымның бұл жетістігі – лицей мақтанышы ғана емес, ғылымға бағытталған сенімді қадам! Жарайсың, Абзал!