06
июнь
2025
11-сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен қорытынды аттестаттау тапсырды
2025 жылдың 09 маусымында жалпы орта білім беру курсы бойынша лицейдің 11-сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен қорытынды аттестаттау тапсырды. Аттестаттау эссе жазу формасында өткізілді. Бұл арқылы оқушылардың мәтін құрастыру, тақырыпты ашу, өз ойын сауатты әрі логикалық жеткізу, тілдік нормаларды сақтау және көркем тілдік құралдарды қолдану дағдылары бағаланды. Аттестаттау нәтижесінде оқушылар қазақ тілі пәні бойынша меңгерген білімдерін тиімді қолданып, жазбаша тілдік құзыреттіліктерін көрсете білді.
